Шымкентте мемлекеттік бюджет жоспары артығымен орындалды

0
499

Есепті мерзімде бюджетке 613 303 мың теңге артығымен түсті.


Шымкентте мемлекеттік бюджет жоспары артығымен орындалды

Шымкент қаласы Қаратау аудандық кірістер басқармасы мемлекеттік бюджет түсімін артығымен орындауда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Қаратау аудандық кірістер басқармасының басшысы Қайрат Құдияров басқарма тарпынан 2022 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы берген баспасөз брифингінде мәлімдеді.
«Мемлекеттік кірістер комитетінің құзырындағы кірістерден Мемлекеттік бюджет жоспары 108 пайызға орындалды. Есепті мерзімде бюджетке 613 303 мың теңге артығымен түсті (жоспар бойынша 7346 488 мың теңге мөлшерінде бекітілген, есепті мерзімде нақты түскені 7 959 791 мың теңге)», республикалық бюджет бойынша есепті мерзімге жоспар 103 пайызға орындалып, бюджетке 123 711 мың теңге артығымен өндірілді (жоспар бойынша 3 556 011 мың теңге болса, нақты түсім 3 679 722 мың теңге). Ал жергілікті бюджет бойынша есепті мерзімге межеленген жоспар 113 пайызға орындалып, бюджетке 489 592 мың теңге артық ѳндірілді (жоспар бойынша 3 790 477 мың теңге болса, нақты түсім 4 280 069 мың теңге)- деді аудандық кірістер басқармасының басшысы.
Сондай-ақ, спикер баспасөз мәжілісінде салықтық қызметтің түрлеріне де тоқтала келе, осы жылдың І тоқсанында жалпы 51 935 мемлекеттік қызметтің 51 757-і электронды түрде, ал 178-і қағаз жүзінде көрсетілгендігін айтты.
Айта кетейік, азаматтар салықты «E-Salyq Azamat», «E-Salyq Business» қосымшалары арқылы төлей алады.
Ал, ҚР ҚМ МКК тарапынан ашылған «SalyqBot» анықтамалық бот (чат) арқылы салықтар мен міндетті төлемдерге, кедендік төлемдерге қатысты мәліметтер, анықтамалар алуға болады, сұрақтар қоюға болады. Осы «E-Salyq Azamat», «E-Salyq Business» мобильді қосымшалары туралы толық мәліметтерді алуға болады, осы қосымшалармен бейнесабақтармен қалай жұмыс жасау керектігі толық түсіндіреді.