Шымкентте мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өтті

0
949

Тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің өкілдері депозит ашып, қаржы жинақтау туралы ақыл-кеңес берді.


Шымкентте мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өтті

Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты басқармалардың мамандары мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесін өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін таңғы сағат 10.00-ден бастап Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты басқармалардың мамандары ХҚКО ғимаратында тұрғындарды қабылдап, өз кеңестерімен бөлісті және мемлекеттік мекемелерде көрсетілетін қызметтер туралы түсіндірді.

Атап айтсақ, жәрмеңкеге қалалық сәулет және қала құрылысын бақылау, жер қатынастары, денсаулық сақтау, тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы, отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармаларының қызметкерлері қатысты.

Сонымен қатар, іс-шара барысында тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің өкілдері депозит ашып, қаржы жинақтау туралы ақыл-кеңес берді.