Шымкентте мемлекеттік қызмет түрлері автоматтандырылды

0
1 693

Шымкент қаласы әкімдігімен «Сәулет басқармасының геосервисі» ақпараттық жүйесі іске қосылды.


Шымкентте мемлекеттік қызмет түрлері автоматтандырылды

Шымкентте жер, сәулет және қала құрылысы салалары бойынша 19 мемлекеттік қызмет керсетіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Биыл Шымкент қаласы әкімдігімен «Сәулет басқармасының геосервисі» ақпараттық жүйесі іске қосылды. Портал арқылы әлеуметтік маңызды болып табылатын жылжымайтын мүлікке нөмір беру, оны нақтылау және жою қызметтері толықтай автоматтандырылды.

Бұған дейін бұл қызмет түрлері 6 жұмыс күнінде ұсынылған болса, қазіргі таңда ақпараттық жүйенің көмегі арқылы 20 минут пен 1 сағат арасында қаралады.

Сонымен қатар, осы порталда халықтың тарапынан ең үлкен сұранысқа ие сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру қызметі (халық арасында АПЗ деп аталып кеткен) де автоматтандырылды. Ілгеріде аталған қызметті алу үшін 17 жұмыс күніне дейінгі уақыт жұмсалатын болса, қазіргі таңда бұл қызмет түрі Сәулет басқармасымен 3 жұмыс күні ішінде ұсынылуда.

Жаңадан ашылған порталға пысықтау жұмыстары жүргізіліп, оның атқаратын функциялары кеңейтілді. Жыл аяғына дейін партал толық іске қосылады.