Шымкентте мемлекеттік қызметкерлер ашық кеңсеге көшті

0
2 552

Бұл ашықтық жемқорлыққа қол жеткізбеу бағытында жасалып отыр.


Шымкентте мемлекеттік қызметкерлер ашық кеңсеге көшті

Шымкентте қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының қызметкерлері ашық кеңседе жұмыс істейді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қала тұрғындары әр кеңсенің табалдырығын тоздырмайды. Басқарма өкілдері қызметтерді алу мерзімі де қысқарғанын айтады. Жаңа форматтағы қабылдауға алдын ала тіркелудің қажеті жоқ. Тек мамандар ғана емес бөлім басшылары да жайлы кабинеттерін тастап, үлкен залдағы шынымен жабдықталған бөлмелерге көшкен.

– «Opene space» бағытына өтуімізге байланысты біздегі барлық қызмет оңтайландырылып, барлығын бір кабинетке отырғыздық. Бұл ашықтық жемқорлыққа қол жеткізбеу бағытында жасалып отыр, - дейді Бұл ашықтық жемқорлыққа қол жеткізбеу бағытында жасалып отыр, - дейді қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Мұрат Әбдірахманов.

Бөлісу