Шымкентте мемлекеттік қызметкерлермен еркін форматта кездесу өтті

0
525

Аталған кездесудің мақсаты – мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру.


Шымкентте мемлекеттік қызметкерлермен еркін форматта кездесу өтті

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан жас мемлекеттік қызметкерлермен кездесіп, еркін форматта әңгімелесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті іс-шараны 25 қазан – Республика күні мерекесіне орай ұйымдастырды.

Аталған кездесудің мақсаты – мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерге мотивациялық серпін беру.

Жиында Ш.Мұқан мемлекеттік қызметке дарынды жастарды тарту, мемлекеттік қызметшілердің білімі мен біліктілігін және дағдыларын үздіксіз жетілдіру, кәсіби және жеке құзіреттіліктерін арттырудың маңызы туралы айтып берді.

Мемлекеттік қызметшіге артылар жауапкершілік жүгі ауыр. Әрбір мемлекеттік қызметші қызметтік этиканы сақтап, өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін еліне адал қызмет етуге жұмсауы тиіс. Мемлекеттік қызмет – бұл үлкен жауапкершілік. Өз салаларыңның үздік маманы болыңдар, – деді Шыңғыс Жұмабекұлы.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Әли Көмекбаев, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Әділет Нысанбаев мұндай іс-шаралар мемлекеттік қызметшінің халық алдындағы патриоттық сезімін оятып, жауапкершілігін арттыруға септігін тигізетініне тоқталды.

Кездесу бейресми, еркін форматта өтті. Жастар толғандырған сауалдарын қойды.

Айта кетейік, мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі мәселелері жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес, 2022 жылдың 20 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалымен бірлесіп мемлекеттік қызмет көрсету функциялары бекітілген қызметшілерге арналаған арнайы бағдарламалар бойынша оқытулар ұйымдастырылды.

Оқыту бағдарламасы сервисология, әлеуметтану саласындағы ғылыми білімді, сондай-ақ күйзеліске төзімділік, клиентке бағдарлану, заманауи ақпараттық жүйелерді пайдалану практикалық дағдыларын қамтыды.