Шымкентте мемлекеттік мекеме өкілдері тергеу изоляторына барды

0
1 403

Бірлескен шара мемлекеттік қызметкерлердің санасын өзгертіп, сыбайлас жемқорлықты қабылдамауды қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған.


Шымкентте мемлекеттік мекеме өкілдері тергеу изоляторына барды

Бүгін "Шымкент-адалдық алаңы" жобасы аясында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармаларының қызметкерлері Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты тергеу изоляторына барып, онда қамаудағыларды ұстау шарттарымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған шара Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен қалалық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен (ҚАЖ) бірлесе ұйымдастырылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған салалар әлеуметтік маңызы бар, халықпен тығыз қарым-қатынас жасайтын салалардың бірі болып табылады.

Олар шенеуніктерді түрмеде тоғытудан ұзақ мерзімді нәтиже болмайтынына сенімді. Сондықтан бірлескен шаралар арқылы мемлекеттік қызметкерлердің санасын өзгертіп, сыбайлас жемқорлықты қабылдамауды қалыптастыру қажет.

Шара барысында қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлері қатысушыларды ұстау орындарындағы режиммен таныстырды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілдері аталған шара мемлекеттік қызметшілердің ойланып, әркім өзінің қолындағы бар нәрсені, еркіндігін,отбасын, үйін, жұмысын бағалай білуіне септігін тигізетіндігіне сенім білдіреді.

Жалпы тергеу изоляторында ұстау шарттарымен бүгінгі таңда 300-ден астам мемлекеттік мекемелер қызметкерлері таныстырылды.