Шымкентте мемлекеттік рәміздер күніне орай велошеру өтті

0
851

Қатысушылар саябақ ішінде арнайы белгілеген бағытта көк туды желбірете 6 км арақашықтықты еңсерді.


Шымкентте мемлекеттік  рәміздер күніне орай велошеру өтті

Шымкентте «Елбасы Медалі» бағдарламасының қатысушылары ҚР Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Елбасы Медалі» бағдарламасының қатысушылары «Елбасы Академиясы» мен «Қазақстан жастар конгресінің» ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы А.Асқаров атындағы Дендросаябақта мемлекеттік рәміздерді ұлықтау, насихаттау мақсатында велошеруге қатысып атап өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты жастар арасында патриоттық сезімді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді ұлықтау, елдегі бірлікті сақтау, салауатты өмір салтын ұстану болып табылады. Қатысушылар саябақ ішінде арнайы белгілеген бағытта көк туды желбірете 6 км арақашықтықты еңсерді.
Іс-шараға «Елбасы Медалі» бағдарламасының үміткерлері, БАҚ өкілдері және жоба серіктестерінің бірі Шымкент қаласы білім басқармасының «Дарын орталығы» басшысы Джеренова Раушан Омарханқызы қатысып, өз үлесін қосты.
Аталмыш іс-шара барлық санитарлық нормаларға сәйкес, арақашықтықты сақтай отыра ұйымдастырылды.