Шымкентте "Мен елімді сүйемін" акциясы өтті

0
841

Республикалық челлендж аясындағы акцияға ЖОО студенттері, белсенді жастар қатысты.


Шымкентте

Шымкент қаласындағы "Тәуелсіздік" саябағында қала жастары "Мен елімді сүйемін" акциясын өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Республикалық челлендж аясындағы акцияға ЖОО студенттері, белсенді жастар қатысты.

Акция Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру, саяси шешімдерін қолдау, жастар арасында насихаттауды мақсат еткен. Жиналған жастар еліміздің жалаушаларын қала тұрғындарына, қонақтарына таратып, викториналық сұрақтар қойды.

- Еліміздің жастары өздерін ұлтжандымын деп ұғынып, өн бойларында ұлттық намысын жоғары қою керек. Қазақ жастары тәуелсіз елдің айқын мақсаттарымен жігерленіп, тек қана алға ұмтылуы тиіс. Қазақстанның жарқын болашағы – біздің, қазақ жастарының қолында!, - деді орталық басшысы Мағжан Исахов.

Қалалық Жастар ресурстық орталығы Жолдауды жүзеге асыруда ЖОО студенттеріне арнайы кездесулер ұйымдастыруда. Қоғам қайраткерлері, мәслихат депутаттары, ғылым, білім саласында жетістікке жеткен азаматтар өз тәжірибелерімен бөлісуде.

Сонымен қоса, Жастар ресурстық орталығының басшысы Мағжан Исахов Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің белсенді жастарымен кездесті.

«Global coffee» ғимаратында өткен кездесуде жастармен бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланды. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың биылғы Жолдауында жастар саясатын іске асыру мәселелері төңірегінде пікір алмасты. Кездесу барысында жастар көкейіндегі көптеген ұсыныстар мен пікірлерін жеткізді. Атап айтқанда, белсенді жастарымен саяхат жасау, студенттерімен бірлесе отырып іс-шаралар ұйымдастыру, спорттық жарыстар өткізу, ұлттық спортты дамыту (атқа міну) сынды ұсыныстар айтылды.

Орталық басшысы М.Исахов өз тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар жастар қоғамның идеалына айналатынын айта отырып, жастарды өз елінің патриоты, идеал тұлғасы болуға шақырды.