Шымкентте менингитке қарсы екпе салынып жатыр

0
1 427

Биыл қажылыққа баратындардың барлығы да залалды ауруға қарсы екпені салдыруға міндетті. Екпені кез-келген қажылыққа баратын аймақ тұрғыны Шымкент қалалық №1 емханасында қабылдауына болады.


Шымкентте менингитке қарсы екпе салынып жатыр

Иллюстрациялық фото: sterlibcrb.ru

ERNUR.KZ. Шымкент қалалық №1 ауруханасында қажылыққа баратын адамдар үшін менингитке қарсы екпе салынуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Менингитке қарсы екпе мемлекеттің бюджетінен қаржыландырылмағандықтан ақылы түрде салынуда. Биыл қажылыққа баратындардың барлығы да залалды ауруға қарсы екпені салдыруға міндетті. Екпені кез-келген қажылыққа баратын аймақ тұрғыны Шымкент қалалық №1 емханасында қабылдауына болады.

«Бүгінгі таңда ауруханада менингитке қарсы екпе салынуда. Екпені кез-келген тұрғын қабылдай алмайды. Тек қана менигит вирустары көп таралған Африка елдеріне, Мекке қаласына қажылыққа баратын адамдар үшін міндетті түрде салынады. Ол адамдар туристік ұйымдардың арнайы құжаттарымен келіп екпе қабылдауы керек. Себебі, кеденнен өтер кезде екпе қабылданғаны жайында анықтама қағазы тексеріледі. Бұл істі ІІМ және СІМ-мен бірлесіп жасап отырмыз. Біздің аурухананың вакцина сақтау орындары сапалы және мамандары білікті болғандықтан бұл іспен біз айналысып жатырмыз», - дейді амбулаториялық хирургия бөлімінің меңгерушісі Утекеев Мухан.

Айта кетейік, қажылыққа бару маусымы басталғалы бері 332 адам екпе салдырыпты. Екпенің бағасы 27 400 теңге. Екпе салдыру үшін ешқандай кедергі жоқ. Тексеру барысында барлығы қалыпты болса жеткілікті.