Шымкентте «Менторлық табыс кілті» атты жастар форумы өтті

0
2 030

Шараға жоба тәлімгерлері, сертификатталған тренерлер, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер, университет жастары, Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» және БАҚ өкілдері қатысты.


Шымкентте «Менторлық табыс кілті»  атты жастар форумы өтті

Шымкенттегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде 100-ден астам студенттердің қатысуымен «Менторлық табыс кілті» атты жастар форумы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталмыш шара «Жастармен мотивациялық жұмыс жүргізу үшін менторлардың 4 тобының шығуын ұйымдастыру» жобасы аясында Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму Министрлігінің және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

Басты мақсат – әлеуметтік жоба бойынша жастармен жұмыс жүргізу барысында дайындықтан өткен 80 аймақтық тәлімгер-тренерлерді тарта отырып, олардың қоғамдағы өзектілігін арттыру болып табылады.
"Жалпы, ментор дегеніміз – жоба жетекшісіне ақысыз көмектесетін, кәсіби мақсатына жетелейтін адам. Кәсіпті алғашқы сәтінен бастап дөңгелету кез-келгеннің қолынан келмейді. «Жастар жылы» аясында менторлық оқытуға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 700 – ден астам өтініш келіп түскен болатын. Соның ішінен 80 ментор таңдап алынып, республикамыздың барлық өңірлерінде жастармен ынталандыру жұмысын жүргізді. Менторлық дәрежесін арттыру бойынша арнайы сертификаттар берілді. Соның нәтижесінде біз жастарға бизнесті дамытуды үйретеміз", - деді «KAZBRENDS» Қоғамдық қорының жетекшісі Расул Бахтияров.
Шараға жоба тәлімгерлері, сертификатталған тренерлер, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер, университет жастары, Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» және БАҚ өкілдері қатысты.
Форум барысында түрлі салаларда өздерін іске асырған кәсіби тұлғалар сөз сөйледі. Шараға қатысқан студенттер, жас кәсіпкерлер тренингтік бағдарламалардан өтіп, жеке және кәсіби дамуына серпін алды. Солардың бірі, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің 1 курс студенті Ғани Асанов
"Бүгін біз Менторинг деген не? Ментор дегеніміз кім? деген сұрақтарға жауап алдық. Форум аясында көптеген коуч, семинар-тренерлер келіп өздерінің тәжіибелерімен бөлісуде. Менторинг тақырыбы бойынша әдістемелерін жүргізді, жастарды белсенді өмірге тартуды түсіндіріп өтті. Семинардан алған әсеріміз мол", - дейді.
Кездесуде қатысушылар жастар ортасында орын алған проблемалық мәселелерді және оларды шешу жолдарын, бизнесті ұйымдастыру және жүргізу, жұмысқа орналастыру сияқты мәселелерді талқылады. Форумды қорытындылай келе, шараның өткізілуіне атсалысқан университет басшылығына алғыстарын білдірді.