Шымкентте мешіттегі садақа жәшігін ұрлап кеткен азамат ұсталды (видео)

0
1 565

Күдікті Шымкент қаласындағы Шейх Мұхаммад Садық Мұхаммад Юсуф мешітінен ұрлық жасаған.


Шымкентте мешіттегі садақа жәшігін ұрлап кеткен азамат ұсталды (видео)

Шымкенттік полицейлер Рамазан айында садақа жәшігін ұрлап кеткен күдіктіні ізін суытпай анықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай АПБ-ның кезекші бөліміне 2019 жылдың 23 мамырында мешітте тұрған садақа жәшігін ұрлап кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына тез арада жеткен полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жергілікті жердің тұрғынын анықтап, ұстады. Аталған жайт негізінде ҚР ҚК-нің 188-бабы «ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдіктіні полицейлер қолға түсірген сәттегі видео әлеуметтік желілерге тарап кетті.

"Міне, қадірменді жамағат, осы мешіттің ұрысы ұсталды, міне. Есікті іліп алған. 2 қабаттан асып түсті. Шейх Мұхаммад Садық Мұхаммад Юсуф мешіті. Міне осы адам, бізде камера барлығы бар",- дейді видеода куәгерлер.