Шымкентте метеорологиялық жағымсыз ауа райы орын алуы мүмкін

0
2 026

Ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Шымкентте метеорологиялық жағымсыз ауа райы орын алуы мүмкін

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

2019 жылдың 4 желтоқсан күні жағымсыз метеорологиялық жағдай Қазақстанның екі қаласында күтіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Аталған ақпаратқа сүйенсек, 4 желтоқсан күні атмосфералық ауа сапасы Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында нашарлайды.

Атап айтсақ, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.