Шымкентте «Мигрант» іс-шарасы басталды

0
2 452

Қала аумағына заңсыз жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларды анықтау үшін іске асқан жоба.


Шымкентте «Мигрант»  іс-шарасы басталды

Шымкент қаласында «Мигрант» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала аумағына заңсыз жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларды, ел аумағынан заңсыз көші - қонды ұйымдастыруға қатысы бар азаматтарды анықтауға, заңсыз көші - қон арналарының жолын кесу және елімізде шетелдіктердің болу қағидаларын бұзуды болдырмау мақсатында 15 ақпанынан бастап «Мигрант» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Сондай - ақ аталған іс-шараның барысында төтенше жағдайға байланысты ел аумағынан шыға алмай қалған шетелдіктерді әкімшілік жауапкершілікке тартпай Қазақстан Республикасының аумағынан шығуға ықпал ету.
«Мигрант» іс-шарасы 19 ақпанына дейін жалғасады.