Шымкентте монша өртенді

0
509

Жақын орналасқан тұрғын үйдің шатырына өрт өткен.


Шымкентте монша өртенді

ERNUR.KZ. Шымкент қаласында таңғы 08 сағат шамасында монша өртенді.

Бүгін сағат 08:06-да Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұртас м/а, Қасым Патеев көшесі 17/7 мекен-жайында орналасқан «ZHARA» моншасы 2 қабатты жақын орналасқан жеке 2 монша ғимараты өртенді.

Өрт шалған жердің көлемі 200 ш.м. 2 монша ғимараты 65 ш.м; «Г» тәріздес монша ғимаратының 15 ш.м. шатыры жанған. Өрт салдарынан жақын орналасқан тұрғын үйдің көлемі 8 ш.м. шатырына өрт өткен.

Өрттің толық көлемі 288 ш.м. Өрт сағат 09:10-да оқшауланып 09:50-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрт шығу себебі анықталуда.

Оқиға орнына ТЖД (73 қызметкер мен 19 техника) және АМО (3 қызметкер мен 1 техника) жұмылдырылды, деп хабарлады Шымкент қаласы ТЖД баспасөз қызметі.