Шымкентте «Мұқағали» монодрамасының премьерасы өтеді

0
2 642

Қойылым 9 ақпан күні сағат 18.30-да басталады.


Шымкентте  «Мұқағали» монодрамасының премьерасы өтеді

Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында 9-10 ақпан күндері сағат 18.30-да ақиық ақын М.Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Мұқағали» монодрамасының премьерасы өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Тағдыры әділетсіздікпен тайталаса күрескен, үздіксіз күрестен меселі қайтқан Мұқағали, торыққанда қаламына жүгінді. Өресі биік ойды - өлеңнен тапқан, жан сырын - өлеңге ашқан, мұңын - өлеңге шаққан ақиық ақын Мұқағалидың поэзиясымен өрнектелген өмір өрнектері қойылымға арқау болмақ.



Қойылымдағы Мұқағали рөлінде - Бауыржан Сегізбаев, Бақытжан Дәулетжанов сынды әртістер сомдайды. Қоюшы режиссері әрі инсценировкасын жасаған – Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов.

Мекен жайы: «Нұрсәт» шағынауданы, Н.Назарбаев даңғылы 6.

Анықтама телефон нөмірі: 77-10-43, 8 778 249 59 20.