Шымкентте мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында спорттық сайыс өтті

0
663

Спорттық жиында барлық қатысушылар сый-сияпатпен марапатталды.


Шымкентте мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында спорттық сайыс өтті

Шымкент қаласындағы №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында спорттық сайыс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сайыста «Бәйшешек» пен «Қызғалдақ» атты екі топ бақ сынасты. Ойынның шарты бойынша алдымен әр топ өз ұрандарын айтып шықты. Содан соң жүгіру эстофетасы, қаппен секіру, туннельден өту, арқан тартыс және әр топтың спорттық биі орындалды. Нәтижесінде «Бәйшешек» тобы жеңіске жетті.
«Шынықсаң -шымыр боласың» тақырыбындағы жарыс орталықта ем қабылдаушылардың психикалық жай-күйі ескеріле отырып, қабілеттеріне қарай ұйымдастырылды. Спорттық іс-шараның мақсаты - мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын сақтау, әлеуметтік жағдайын жақсартуға және салауатты өмір салтын ұстануға айрықша назар аудару. Тартысқа толы өткен спорттық жиында барлық қатысушылар сый-сияпатпен марапатталды.

Аталмыш орталықта жасы 18 ден асқан, психоневрологиялық ауруы бар 1 және 2 топ мүгедек азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызмет түрлері көрсетіледі.