Шымкентте мыңдаған әскери қызметшінің даярлығы бағаланды

0
456

Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі​ мәлімдеді.


Шымкентте мыңдаған әскери қызметшінің даярлығы бағаланды

Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасында қысқы оқу кезеңіндегі жауынгерлік даярлық деңгейін анықтау үшін бақылау тексерісін тапсыру аяқталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Іс-шара барысында мыңдаған әскери қызметшілер бағаланды.

Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша әскери бөлімнің бөлімшелері штаттық қару-жарақ пен әскери техниканы меңгерудің лайықты іскерлік деңгейі мен дағдыларын көрсетті.
Атап айтқанда мотоатқыштар, танк, артиллерия, инженерлік бөлімшелердің әскери қызметшілері штаттық қару-жарақ пен атыс қаруынан бақылау ату жаттығуларын орындады. Сондай-ақ, арнайы, тактикалық, техникалық, инженерлік дайындық, радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау және техниканы жүргізу бойынша нормативтерді орындады.
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының арнайы комиссиясы әрбір әскери қызметшінің жауынгерлік дағдыларының деңгейін және бөлімшелердің үйлесімділігін, жауынгерлік кезекшіліктің жай-күйін, қару-жарақ пен әскери техниканың техникалық жай-күйін бағалады.
Бақылау сабақтары, командалық-штабтық жаттығулар және тактикалық жаттығулар барысында барлық дәрежелі командирлердің бөлімшелерді басқару барысында әр-түрлі шешімдер қабылдау қабілетін де бағаланды.

Айта кетейік, Шымкент гарнизонының механикаландырылған бригадасында мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің борышын аяқталуына арналған салтанатты рәсім өтті. Еліміздің үш аймағынан шақырылған және белгіленген мерзімде қызмет еткен 120 сарбаз әскери оркестрдің әуенімен жауынгерлік тумен қоштасу үшін бригаданың саптық алаңында екі қатарға сап түзеді. Жан-жақты кәсіби дағдыларға ие болған шыныққан сарбаздарға грамоталар, естелік сыйлықтар және оқу-жауынгерлік міндеттерін сапалы орындағаны үшін фотоальбомдар табысталды.