Аталған нысан жылына 600 бүлдіршінге көмек беретін болады.
Шымкент қаласында «Қамқорлық қоры» КҚ қолдауымен 3 жасқа дейінгі неврологиялық ауытқуы бар балаларға арналған ерте араласу орталығы ашылмақ, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аталған нысан жылына 600 бүлдіршінге көмек беретін болады. Сонымен қатар қайырымдылық қоры есебінен жалпы сомасы 125 млн теңгені құрайтын медициналық жабдықтар алынбақ.
Сонымен қоса, осы жылдың маусым айында күрделі жөндеу жұмыстары қырқынды түрде басталған нысандардың бірі - №2 оңалту орталығы, 18 жасқа дейінгі балаларды медициналық оңалту қызметін атқарады.
Орталықтың аумағы 2500 шаршы метрді құрайды, мұндағы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.