Шымкентте оқушы өзенге батып бара жатқан баланы құтқарып қалды

0
345

Ол «Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушісі.


Шымкентте оқушы өзенге батып бара жатқан баланы құтқарып қалды
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкенттегі Кеңес Одағының Батыры генерал Сабыр Рахымов атындағы «Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушісі демалыс кезінде Түркістан облысында суға батып бара жатқан баланы құтқарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Бірер күн бұрын Әділет Жақсылық ағасы Нұрғисамен бірге үй шаруасымен айналысып жүріп, кенеттен жақын жердегі өзеннен балалардың айқайлаған дауысын естіген. Көмекке жеткен бұларға жағалауда тұрған бала суға батып кеткен досын көрсетеді. Ойланбастан ағайындылар өзенге сүңгіп, баланы іздей бастады. Бір кезде Әділет аяғының жұмсақ нәрсеге тигенін сезіп, ауа жұтып, қайта суға сүңгіген ол, ес-түссіз жатқан баланы алып шыққан", - делінген баспасөз хабарламасында.
Олар балаға алғашқы көмек ретінде жүрекке массаж жасап, жасанды тыныс берген. Ал, осы уақытта ағасы Нұрғиса жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер жеткенше келгенге дейін ағайындылар баланың жағдайын бақылап, өкпеге кезекпен кезек жасанды дем беріп отырған.
Бала аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша қазіргі уақытта оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ, сондай-ақ ол жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды.