Шымкентте оқушылар арасында республикалық дебат турнирі өтті

0
2 904

Турнирдің қалалық кезеңіне 52 топ жолдама алды.


Шымкентте оқушылар арасында  республикалық дебат турнирі өтті

Жоғары сынып оқушылары арасында «Ұшқыр ой алаңы» атты республикалық дебат турнирінің қалалық кезеңі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Дебатты №89 IT мектеп-лицейі «Шымкент қаласының Дарын орталығы» ұйымдастырды.

Турнирдің қалалық кезеңіне 52 топ жолдама алды. Оның 34-і қазақ, 12-сі орыс, 6-ы ағылшын лигасына өтті. Жалпы 40-қа жуық оқушы дебатқа қатысып, өздерінің білімдерін шыңдады.

Қалалық кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаздар республикалық дебаттық турнирге жолдама алды.

Карантин талаптарына сай санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, турнирдің қалалық кезеңі оффлайн форматта өтті.