Шымкентте оқушылар ауа райына байланысты бірнеше күн онлайн оқиды

0
670

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі​ мәлімдеді.


Шымкентте оқушылар ауа райына байланысты бірнеше күн онлайн оқиды

Шымкент қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты 1-8 сынып оқушылары қашықтан білім алады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Әкімдік таратқан ақпаратқа сәйкес, 1-8 сынып оқушылары 10-11 қаңтар күндері қашықтықтан білім алады,

"Құрметті қала тұрғындары, ауа-райының қолайсыздығына байланысты балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жалпы білім беретін білім беру ұйымдарындағы 1-8 сынып оқушылары үшін ағымдағы жылғы 10-11 қаңтар күндері қашықтықтан оқыту ұйымдастырылып, ал 9-11 сынып оқушылары дәстүрлі форматта білім алады", - деп хабарлады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «ҚАЗГИДРОМЕТ» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалының 2023 жылғы 09 қаңтардағы дауылды ескертуіне сәйкес, Шымкент қаласында 10 қаңтарда кей уақытта қатты қар, тұман, көктайғақ, күтілуде.