​Шымкентте өндірістік процестерді автоматтандыру жұмыстары оң бағаланды

0
515

ҚР Премьер-Министрі осындай тәсілдерді елдің басқа өңірлеріне де қолдану қажеттігіне назар аударды.


​Шымкентте өндірістік процестерді автоматтандыру жұмыстары оң бағаланды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында санитариялық-эпидемиологиялық жағдай, ауылдық елдімекендерде сумен жабдықтау қызметтерін қолжетімді ету және жоғары білім беру сапасын арттыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Үкімет басшысы халықты вакциналаумен және ревакциналаумен қажетті көлемде қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
ДДСҰ ұсынысы бойынша елімізде вакциналауға жататын адамдар санаты кеңеюде. Бүгінде жеті өңірде жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін аналарды вакциналау басталды. Өңірлерге Comirnaty (Pfizer) вакцинасы жіберілген. Шымкент қаласында да аталған вакцинаны егу жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта республика бойынша 12-18 жастағы 1313 бала, 247 жүкті және бала емізетін ана вакциналанды.
Үкімет басшысы санитарлық талаптарды қамтамасыз ету және мониторингтік топтардың оларды сақтауын бақылау бойынша шаралар қабылдауды одан әрі жалғастыруды тапсырды.
Сонымен қатар, жиында ауылдық елдімекендерде сумен жабдықтау қызметтерін қолжетімді ету жұмыстарының барысы талқыға түсті. 2025 жылдың соңына дейін халықты таза ауызсумен қамтуды 100 пайызға жеткізу міндеті тұр. 2021 жылдың қорытындысы бойынша қалаларда ауызсумен қамту 98 пайызға жетпек.
Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында өндірістік процестерді автоматтандыру және есептеу құрылғыларын орнату есебінен тұрғындардың қаражаты үнемделіп, су және қызмет көрсету шығындары азайған. ҚР Премьер-Министрі осындай тәсілдерді елдің басқа өңірлеріне де қолдану қажеттігіне назар аударды.
Саланы автоматтандыру және инновациялық технологияларды қолдану бойынша жұмыс қарқынын арттыру қажет.
Айта кетсек, Шымкент қаласында 2023 жылы сапалы ауызсумен қамту мәселесі толықтай шешіледі.