Шымкентте өрт сөндірушілер арасында сайыс ұйымдастырылды

0
320

Құтқарушылардың дайындығын тексеруге бағытталған сайысқа әр өрт сөндіру бөлімінен 2 өрт сөндірушіден қатысты.


Шымкентте өрт сөндірушілер арасында сайыс ұйымдастырылды

Шымкентте Құтқарушылар күніне орай өрт сөндірушілер арасында кроссфиттен сайыс ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Құтқарушылардың дайындығын тексеруге бағытталған сайысқа әр өрт сөндіру бөлімінен 2 өрт сөндірушіден қатысты. Гір тасын және зіл темірді көтеру, доңғалақтарды көтеру, жылжыту, түтікқұбырлармен жауынгерлік қанат жою, оқу-жаттығу мұнарасының 3-қабатына жылжымалы үш иінді сатымен көтерілу, 3-қабаттан құтқару арқанымен өзін-өзі құтқару, жайылған түтікқұбырды сегіздік әдісімен жинау бойынша күш сынасты.

Күнделікті төтенше жағдайларды жою кезінде салмағы ауыр жауынгерлік киімнен бөлек түрлі құралдарды бірге ала жүріп, демалуға мүмкін болмаған ортада қысымдалған ауаны тиімді пайдалана отырып, адам өмірін құтқаруды, өртті сөндіруді жүзеге асыратын мамандық иелері үшін мұндай дайындық күнтізбеден түскен емес.