Шымкентте отасқандарына 60 жыл толған ата-әжей неке куәлігін алды

0
2 041

1960 жылы отбасын құрған гауһар той иелері бүгінде 2 перзенттен 3 немере, 4 шөбере сүйіп отыр.


Шымкентте отасқандарына 60 жыл толған ата-әжей неке куәлігін алды

Шымкентте отасқандарына 60 жыл толған ерлі-зайыптылар мерейтойларын атап өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қалалық АХАТ бөлімінің мамандары Геннадий мен Райса Ивановтардың шаңырағына арнайы барып, қуаныш иелеріне неке куәліктерін салтанатты түрде табыс етті. Бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан ата-әжейге сый-сыяпат жасап, құрмет көрсетті.

1960 жылы отбасын құрған гауһар той иелері бүгінде 2 перзенттен 3 немере, 4 шөбере сүйіп отыр. Г. Иванов құтқарушы болып 45 жыл абыройлы қызмет етіп, зейнетке шыққан. Зайыбы Р.Назарова 40 жылдай қоғамдық тамақтану саласында жұмыс істеген. Қазір бейнеттің зейнетін көріп отыр.