Шымкентте "Отбасы - тәрбие бастауы" атты ашық әңгіме сағаты өтті

0
964

Жиын барысында қатысушылар ұлттық тәрбиенің отбасында алатын орнына айрықша тоқталып, өз ойларын ортаға салды.


Шымкентте

Шымкент қаласында отбасы күніне орай, Парасат жолы аясында "Отбасы - тәрбие бастауы" атты ашық әңгіме сағаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған жиын барысында "Әжелер” ансамблінің мүшесі Есқараева Шырынкүл апамыз отбасындағы қыз бала тәрбиесіне байланысты ұлағатты ойларымен бөлісті.

Сонымен қоса, №23 мектеп мұғалімдері Б.Аман, З. Егенқұл, Л.Тоғайбек, А. Елтай ұлттық тәрбиенің отбасында алатын орнына айрықша тоқталып, өз ойларын ортаға салды. №54 мектеп оқушысы Биболат Әсел М.Мақатаевтың "Шеше" өлеңін мәнерлеп оқып берді.

Кеш соңында №1 кітапхана қызметкері А.Қиямбекова "Әке" әнін шырқады.