Шымкентте «Отбасы- жанұя жарасымы» жобасы аясында семинар-тренингтер өтеді

0
3 394

Семинар-тргенингке «Ресурстық инклюзивті білім беру және психологиялық көмек беру» орталығының жетекшісі, арт-терапевт, тәжірбиелі психолог Айтжанова Гульнара және практик псиxолог, арт-терапия, гештальттерапия, топ, денені бағдарлау терапиясы маманы, «Келіндер мектебі» жобасының авторы Пирниязова Зоя Шамшетовна, ЖОО студенттері қатысады.


Шымкентте «Отбасы- жанұя жарасымы» жобасы аясында семинар-тренингтер өтеді

Шымкент қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы тапсырысы бойынша «Бейбіт болашақ» ЖШС компаниясының ұйымдастыруымен жоғары және орта оқу орындары студенттер арасында «Отбасы- жанұя жарасымы» жобасы аясында семинар-тренингтер өтеді - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталмыш іс-шараға «Ресурстық инклюзивті білім беру және психологиялық көмек беру» орталығының жетекшісі, арт-терапевт, тәжірбиелі психолог Айтжанова Гульнара және практик псиxолог, арт-терапия, гештальттерапия, топ, денені бағдарлау терапиясы маманы, «Келіндер мектебі» жобасының авторы Пирниязова Зоя Шамшетовна, ЖОО студенттері қатысады.

Іс-шараның мақсаты білікті мамандардың өз тәжірбиелерімен бөлісе отырып жастар арасында отбасылық құндылықтарын насихаттау, жар таңдау мәселесінде ақыл-кеңес беру, ажырасу секілді қоғам кеселінің алдын алу.

Тәжірбиелі психологтар жас отбасыларға не себепті ажырасу қаупі төнетіндігі және сол кемшіліктердің қалай алдын алуға болатындығы жөнінде айтатын болады.