Шымкентте «OTBASY FEST» фестивалі өтті

0
2 364

Фестивальдің мақсаты ата-аналар мен балаларға қажетті қызмет түрлерін бір ортаға тоғыстырып, бүлдіршіндердің жүзіне күлкі мен жылулық сыйлау, жанұя жарасымын қалыптастыру.


Шымкентте «OTBASY FEST»  фестивалі  өтті

Бүгін Шымкентте Орталық саябақта «OTBASY FEST» әлеуметтік және қайырымдылық фестивалі ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйытқы болуымен қолға алынған шарада 100-ге жуық (мемлекеттік және жеке меншік) мекеме өкілдерінің басы бір жерде біріктірілді. Фестивальдің мақсаты ата-аналар мен балаларға қажетті қызмет түрлерін бір ортаға тоғыстырып, бүлдіршіндердің жүзіне күлкі мен жылулық сыйлау, жанұя жарасымын қалыптастыру болып табылады.
Аталған іс-шараға Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды -инновациялық даму басқармасы, Шымкент қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, Шымкент қаласының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы мен Еңбекші, Абай, Әл-Фараби мен Қаратау ауданы әкімдігінің өкілдері қатыстып, өз салалары бойынша қойылған сауалдарға жауап берді.
Ал Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасына қарасты №1, №2 қалалық емханасының сонымен қатар жедел жәрдем мекемсінің дәрігерлері халыққа тегін кеңес беріп, қызмет етті. Онда дәрігерлер жас отбасыларға, жүкіті әйелдерге, сондай-ақ нәрестелерге дұрыс тамақтану түрлерін көрсетіп, отбасылық сайыстар ұйымдастырып, жеңімпаздарды марапаттады.

"Бүгін өтіп жатқан фестиваль аясында осында келуші, демалушы тұрғындарға, жүкті әйелдерге пайдалы тағамды дайындау, дәрумені көп тағамдарды дұрыс таңдау туралы сайыс ұйымдастырдық. Сонымен қатар, тұрмыстық жарақаттың, түрлі жағдайда орын алатын жарақаттардың алдын-алу мақсатында алқашқы медициналық көмек көрсету әдістері көрсетіліп, насихатталып, сайыстар ұйымдастырып, жеңімпаздарды марапаттадық" - деді Фарида Базақова Шымкент қалалық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының атқарушы директоры.

«OTBASY FEST» фестивалі аясында жастар қазақтың ұлттық спорты асық аут, ләңгі тебу, тоғызқұмалақ ойындарын насихаттап өзара сайысып жарысты. Тоғызқұмалақ спортынан 20-ға жуық жасөспірім қатысып, өзара сайысып бақ сынады.
"Міне бүгін «OTBASY FEST» фестивалінде Ұлттық зияткерлік тоғызқұмалақ спорт түрінен сайыс ұйымдастырып, сайыстың жеңімпазын анықтап, оларды марапаттадық. Біздің ұйымдастырған сайысты қаланың тұрғындары өз көздерімен көріп тамашалады. Меніңше олардың осы спорт түріне деген қызығушылықтарын оятып, одан ары арттырдық деп ойлаймын. Осындай іс-шаралар ұйымдастырылып тұрса, біз өз үлесімізді міндетті түрде қосамыз" - деді жаттықтырушы Сәбит Сапарбеков .

Сонымен қатар, фестивалге жоғарғы оқу орындары, балалар тағамын өндіруші мекемелер, дизайнерлік киімдер мен колөнер бұйымдарың, сондай-ақ тоқыма өндрушілері өз өнімдерін ұсынды.
Екі күн бойы өз жалғасын табатын іс-шарада балаларға ойыншық, балмұздақ пен сыйлықтар таратылды. Мерекелік шара барасы концерттік бағдарламамен жалғасып, қала тұрғындарының көңіл-күйін көтеретін сайыстар мен жаппай флешмобтар ұйымдастырылды.