Шымкентте өткен сенбілікте көшет отырғызылды

0
401

250 түп қырым қарағайы және өзге де ағаш түрлері отырғызылды.


Шымкентте өткен сенбілікте көшет отырғызылды

Шымкентте өткен сенбілікте ағаш көшеттері отырғызылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін «Таза қала өзіңнен басталады» акциясы аясында жалпықалалық сенбілікке 83 мыңнан астам адам қатысты. Тазалық шаралары барысында 68 техниканың көмегімен 563 текше метр қоқыс шығарылды.
Қала тұрғындары, кәсіпкерлер, ерікті жастар, қоғам белсенділері қала аумағын тазартуға, көгалдандыруға атсалысты.
Сенбілік барысында Тұран ауданындағы Малқаров көшесіне 250 түп қырым қарағайы және өзге де ағаш түрлері отырғызылып, аталған аумақ жасыл желекке оранды. Тұрғындар ағаштарды әктеу, көгалдандыру, тазалық жұмыстарын орталық көшелерде, көпқабатты үйлердің аулаларында жалғастырды.