Шымкентте өткен тәулікте 25 адамнан коронавирус анықталды

0
346

15 науқас инфекциялық стационарға жатқызылып, 10 адам үй бақылауына алынды.


Шымкентте өткен тәулікте 25 адамнан коронавирус анықталды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкентте соңғы тәулікте коронавирус жұқтырған 25 жағдай тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ауырғандардың барлығында белгілері байқалған. Қазір 15 науқас инфекциялық стационарға жатқызылып, 10 адам үй бақылауына алынды.

Бүгінде мамандандырылған-инфекциялық стационарларда 913 орын бар, төсек орын толымдығы 33%-ды құрайды, 606 төсек орын бос.