Шымкентте өткен тәулікте 300-ге жуық нысанға тексеру жүргізілді

0
402

Тәртіп бұзған нысандарға әкімшілік хаттамалар толтырылды.


Шымкентте өткен тәулікте 300-ге жуық нысанға тексеру жүргізілді

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкентте өткен тәулікте арнайы топ өкілдері 277 кәсіпкерлік нысанға тексеру жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тексеру барысында 3 нысанда карантин талаптарының бұзылғандығы анықталды. Тәртіп бұзған нысандарға әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Соңғы тәулікте қалада адамнан 38 коронавирус анықталған. Қазір 25 науқас инфекциялық стационарға жатқызылып, 13 адам үй бақылауына алынды.