Шымкентте өткен тәулікте 5 адам коронавирустан емделіп шықты

0
2 376

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 36 адам ем қабылдап жатыр.


Шымкентте өткен тәулікте 5 адам коронавирустан емделіп шықты

Шымкентте өткен тәулікте Сovid-19 инфекциясын жұқтырған 9 жағдай тіркелген болса, 5 науқас емделіп шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 36 адам ем қабылдап жатыр.

Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

Сондай-ақ, жыл басынан бері 101 адамға пневмония диагнозы қойылған болса, 97 адам емделіп шыққан.

Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласы «жасыл» аймақта тұр. Десе де бұл індеттің қаупі сейілген жоқ. Осы орайда медицина мамандары қала тұрғындарына карантиндік шараларды сақтауға, бетперде тағуға және әлеуметтік арақашықтық сақтауға шақырады.