​Шымкентте өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 15 жағдай анықталды

0
2 505

Осыған дейін қала бойынша аталған індеттен 5 546 адам емделіп шықан.


​Шымкентте өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 15 жағдай анықталды

Шымкент қаласында өткен тәулікте коронавирусты жұқтырған 15 жағдай тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласында 2020 жылдың 24 наурызынан 2021 жылғы 25 ақпанға дейінгі аралықта COVID-19 ауруының 6099 жағдайы тіркелді. Оның 3 106-ы симптомды болса, 2 993-і симптомсыз. Бұл ретте 5 546 адам емделіп шыққан.

Сондай-ақ, өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 15 жағдай тіркелген. Қазіргі уақытта қалада 1060 төсек-орын бар (жұқпалы – 560, карантиндік – 500), оның ішінде 914-і бос. Ал, жұқпалы және карантиндік ауруханаларда 174 науқас ем қабылдауда.

Ескерте кетейік, қала тұрғындары карантин уақытында сақтық шараларын қатаң сақтағаны абзал. Әр адам бетперде тағып, көп шоғырланған жерге бармай, қоғамдық жерлерде арақашықтық сақтап жүргені дұрыс.