Шымкентте пара алып ұсталған денсаулық сақтау саласының шенеуніктеріне қатысты сот үкімі шықты

0
584

Сотталғандар өмір бойы белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.


Шымкентте пара алып ұсталған денсаулық сақтау саласының шенеуніктеріне қатысты сот үкімі шықты

Шымкент қаласында Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ерлан Курбанходжаевқа қатысты айыптау үкімі шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мәлімдеді.

Оған 27 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

Осы үкіммен Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Тұрманов, «KAUSAR KLINIKASY» ЖШС басшысы Адахамов, «Низам Ата» ЖШС өкілі Ахмадалиев пен Нышанбаев 2 миллионнан 20 миллион теңгеге дейінгі түрлі айыппұлдарға сотталды.

Құрбанходжаев Адахамов пен Нышанбаевтың делдалдығы арқылы «Низам Ата» және «KAUSAR KLINIKASY» ЖШС басшылығынан медициналық қызметке лицензия бергені үшін 800 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот Тұрмановты Нышанбаевтың делдалдығы арқылы клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын бергені үшін жалпы сомасы 60 мың теңге болатын жүйелі парақорлыққа кінәлі деп таныды.

Сотталғандар өмір бойы белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.