Шымкентте «Пара берме» челленджі бастау алды

0
3 466

Аталған акцияға кез келген азамат үлес қоса алады.


Шымкентте «Пара берме» челленджі бастау алды

Шымкент қаласында мемлекет пен қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі күш-жігерін біріктіру мақсатында «Пара берме» акциясы басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл челлендждің басталғаны туралы Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Асхат Жұмағали хабарлады.Оның айтуынша, бұл акция ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен қолға алынған және еліміздің барлық өңірлері белсене атсалысуда.

«Бүгін өзім бастап, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірге #Пара берме челленджін бастадым. Бұл акцияның мақсаты мемлекет пен қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі күш-жігерін біріктіру. Біз БАҚ өкілдерін, сонымен қатар қала тұрғындарын осы акцияға белсенді қатысуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлесе күресуге шақырамыз», - деді А.Жұмағали.


Айта кету керек, челлендж аясында кез келген азамат әлеуметтік желілер арқылы пара берудің қандай жауапкершілік жүктейтінін жеткізе алады.