Шымкентте пара дзюдодан Қазақстан Кубогы өтті

0
2 435

Додаға еліміздің 12 облысы мен 2 қаласынан келген спортшылар қатысты.


Шымкентте пара дзюдодан Қазақстан Кубогы өтті

Шымкент қаласында пара дзюдодан Қазақстан Республикасының Кубогы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Додаға еліміздің 12 облысы мен 2 қаласынан келген спортшылар қатысты.


Қазақстан Кубогына Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев арнайы келді. Ал бәсекеге халықаралық дәрежедегі төрешілер Қайрат Төленов, Данияр Айтымбетов, Самат Сапишев және ұлттық дәрежедегі төреші – Геннадий Маменов қазылық етті.

Жалпыкомандалық есепте 4 алтын алған Атырау облысы бірінші, 2 алтын алған Қызылорда облысы екінші, бір алтыны бар Нұр-Сұлтан қаласының командасы үшінші орынға тұрақтады. Үштікке кірген палуандар ұлттық құрама қатарына алынады.