Шымкентте пластикалық терезе шығаратын цех өртенді

0
1 357

Өрттен келген шығын көлемі есептелуде


Шымкентте пластикалық терезе шығаратын цех өртенді

фото:24.kz.

ERNUR.KZ. Шымкент қаласындағы «Ордабасы» индустриялық аймақта өрт шықты, деп жазады 24.kz.

Дәлірек айтқанда, бөлек тұрған пластикалық терезе жасайтын цехтің ғимаратын жалын шарпыған.

Төбесі жанып, 5 мың шаршы метрді от шалды. Дабыл қағылған сәтте жиырмадан астам көлік, сексен бес өрт сөндіруші оқиға орнына аттанып, іске кірісті.

Таңғы алтыдан отыз төрт минут кеткенде жалынның бетін қайтарды. Мамандар әлі де сол тұста. Зардап шеккендер жоқ. Шығын енді есептеледі.