Шымкентте полицейлер бекетте төбелескені үшін жұмыстан босатылды

0
2 652

Полицейлердің неге жанжалдасқаны айтылмайды.


Шымкентте полицейлер бекетте төбелескені үшін жұмыстан босатылды

Шымкентте полицейлер бекетте төбелескені үшін жұмыстан босатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Astana телеарнасына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының жұдырықтасқаны түсірілген видео әлеуметтік желіде тараған.

Кадрдан патрульдердің төбелескенін көруге болады. Олардың бірі әріптесінің бетінен соққы жасайды. Стационар бекетінде болып жатқанның бәрін өтіп бара жатқан адам смартфон камерасына түсірген.


Полиция департаменті роликтегі қызметкерлерін тез анықтаған. Бірақ олардың неге жанжалдасқаны айтылмайтынын айтты.

-Тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде қызметтік этика нормаларын бұзғаны және ішкі істер органдарының беделіне нұқсан келтіргені үшін тәртіптік комиссияның шешімімен патрульдік полиция полкінің екі қызметкері де атқарып отырған лауазымдарынан босатылды, - деп түсіндірді Шымкент Полиция департаментінің қызметкерлері.