Шымкентте республикалық "Қауіпсіз мектеп" акциясы өтуде

0
2 306

Шымкент мектептерінде түрлі форматтағы акциялар өткізілуде.


Шымкент қаласы Циолковский атындағы №84 жалпы орта мектебінде Шымкент қаласы білім басқармасының «Қауiпсiз мектеп» республикалық акциясы өткізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Мектептің педагог-психологы А.Мархабаева оқушылардың психикалық көңiл күйлерiн көтеру, шығармашылық қабiлеттерiн бағалай бiлу, өздерiне құрметпен қарау, сыныпта сыйластық қарым-қатынас орнату, күнделiктi өмiрде кездесетiн жағдай дағдысын реттеудi қалыптастыру мақсатында 8-11 сынып оқушыларымен «Мен өмiрге құштармын!» тренингін өткiздi.