Шымкентте ретсіз сауданы жою үшін базар ішінен тегін орын беріледі

0
943

Е.Айтаханов: «Жабайы сауда заңсыз әрі қауіпті».


Шымкентте ретсіз сауданы жою үшін базар ішінен тегін орын беріледі

Бүгін қала әкімі Ерлан Айтаханов Орталық қырғы базардағы соңғы уақытта үлкен мәселеге айналған ретсіз сауда орындарын аралады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған жұмыс сапары аясында Ерлан Қуанышұлы қала базарларындағы заңбұзушылықтармен танысып, сатушыларға жаяу жүргіншілерге арналған жолда тұрмауын және базар басшылығы тегін орынмен қамтамасыз ететінін жеткізді.

«Біз – мегаполис қаламыз. Келер жылы шаһарымыз ТМД елдерінің мәдени астанасы атанғалы отыр. Сол себептен де қаладағы ретсіз, жабайы сауда орындары жойылуы тиіс. Бұл, біріншіден заңсыз, екіншіден басқа тұрғындарға қауіпті. Аталған аумақтағы кептеліс те осының салдарынан болуда», - деді Ерлан Қуанышұлы.

Сондай-ақ, кездесу барысында базар әкімшілігі сауда иелерінің сұранысын қанағаттандыру мақсатында 2 айға дейін сауда нүктелері үшін бірде бір төлем алмайтындарын айтсак, шаһар басшысы мүмкіндіктердің барлығы халық үшін жасалып жатқанын жеткізіп, өркениетті елде тұрғасын, қала көркіне көлеңке түсірмей, тазалық пен қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырды.


Сонымен қатар, кездесуді қорытындылаған қала әкімі жол жағасында жаймасын жайып, заңсыз сауданы қыздырғандарды дер кезінде реттеуді аудан әкімдігі мен тиісті сала басшыларына қатаң түрде тапсырды.

Айта кетейік, алдағы уақытта Орталық қырғы базар алдында абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады.