Шымкентте «Саламатты ұрпақ» жобасының жеңімпаздары марапатталды

0
901

Жоба аясында бірнеше лига құрылған.


Шымкентте «Саламатты ұрпақ» жобасының жеңімпаздары марапатталды

«Саламатты ұрпақ» жобасы «Жастар жылыда» қала жастары арасында бұқаралық спортты насихаттау мақсатында бастау алған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған жоба аясында «Былғары доп» футбол лигасы мен «AQUAS» баскетбол лигасы құрылған. Ол лигаларға қаладағы 60 мектептен бір жарым мыңға жуық оқушылар қатысты.

Нәтижесінде футбол лигасы бойынша І орын – № 80 мектеп-лицейіне, ІІ орын – № 47 мектеп-гимназиясына және ІІІ орын – № 2 орта мектепке бұйырған. Ал, баскетбол лигасында төрт түрлі жас категориясы бойынша І орын – № 8, 46, 86 мектептерге,
ІІ орын – Н.Назарбаев атындағы интеллектуалды мектебі мен № 41, 12, 2 орта мектептерге және ІІІ орын – № 1, 19 мектептерге тиесілі болды.