Шымкентте салықтық түсімдердің жоспары артығымен орындалды

0
534

Ал, кедендік салықтар мен төлемдер 102%-ға орындалды.


Шымкентте салықтық түсімдердің жоспары артығымен орындалды

Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер департаменті 10 айдағы атқарылған жұмыстарды қорытындылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Салық органдарының басым міндеттерінің бірі - салық төлемдерінің толық және уақытылы түсуін қамтамасыз ету. Жалпы бюджет қазынасына 341,5 миллиард теңге түсім түсіп, түсімдердің өсу қарқыны 155%-ға артты. Оның ішінде салықтық түсімдердің жоспары 106%-ға, немесе 25,8 миллиард теңге артығымен қамтамасыз етілді. Ал, кедендік салықтар мен төлемдер 102%-ға орындалды. Салықтық және кедендік әкімшіліктендіру жұмыстарының нәтижесінде бюджетке 29,4 миллиард теңге қосымша резервтер өндірілді. Республикалық бюджет - 21,0 миллиард теңге жергілікті бюджет - 8,4 миллиард теңге, - деді спикер.
Спикердің сөзінше, жалпы салық органдары қашықтықтан бақылау шараларын белсенді түрде қолдануда. Олардың бірі - камералдық бақылау жұмыстары. Камералдық бақылау салық декларацияларында көрсетілген мәліметтер мен түрлі деректер көздерін талдау және салыстыру негізінде құрылады. Бұзушылықтар анықталған кезде салық төлеушлілерге өз бетінше жою құқығын беру мақсатында хабарламалар жібереді. Департамент тарапынан ағымдағы жылдың 10 айы көлемінде барлық салық түрлері бойынша бұзушылық сомасы 563,6 миллиард теңге құрайтын 20 837 хабарлама жолданылған. Бүгінгі таңға салық төлеушілерде анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою арқылы қосымша айыпұлдар есептелінбей, 4 624 хабарлама орындалып, 2,1 миллиард теңге өндірілді. Одан бөлек, бұзушылық сомасы 353,3 миллиард теңге құрайтын 12 213 хабарлама орындалып, нәтижесінде 21 миллиард теңге өндіріліп отыр.
Сондай-ақ, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлік салығы бойынша қала аумағында уәкілетті органдардың мәліметіне сәйкес 13 508 коммерциялық нысандағы обьектілер тіркелген. Салық міндеттемелерін орындалуына жүргізілген түгендеу-талдау жұмыстарының нәтижесінде 9 750 нысаны немесе 72 пайызы салық төлеуге тартылмағыны анықталған. Департамент тарапынан барлық нысандар бойынша, салық міндеттемелерін орындау туралы хабарламалар жіберілген. Бүгінгі таңда, 8 385 нысан обектісі бойынша салықтық декларацияларының есеп қисабы өткізіліп, бюджетке 763,1 млн.тг. өндірілген. Салық міндеттемесін толық орындамаған немесе мүлік салығын нарықтық құннан төмен етіп төлейтін салық төлеушілермен жұмыс жүргізілуде.
Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлік салығы бойынша қала аумағында, уәкілетті органдардың мәліметіне сәйкес, 13 508 коммерциялық нысандағы обьектілер тіркелген. Салық міндеттемелерін орындалуына жүргізілген түгендеу –талдау жұмыстарының нәтижесінде, 9 750 нысаны немесе 72 пайызы салық төлеуге тартылмағыны анықталған. Департамент тарапынан, барлық нысандар бойынша салық міндеттемелерін орындау туралы хабарламалар жіберілген. Бүгінгі таңда, 8 385 нысан обектісі бойынша салықтық декларацияларының есеп қисабы өткізіліп, бюджетке 763,1 млн.тг. өндірілген.