Шымкентте санитарлық талаптардың сақталуы бақылауда

0
551

Жыл басынан бері 141 кәсіпкерлік нысанға мониторинг жүргізілді.


Шымкентте санитарлық талаптардың сақталуы бақылауда

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында санитарлық-эпидемиологиялық жағдай күнделікті тексерілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жыл басынан бері 8 мониторингтік топ аудандағы 141 кәсіпкерлік нысанға (33 тойхана, 97 қоғамдық тамақтану орны, 8 ірі сауда орталығы, 3 базар) мониторинг жүргізген.

Тексеру барысында кәсіпкерлік нысан иелеріне қаулы талаптарын қатаң сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Заң бұзушылық анықталған жағдайда, алгоритмге сәйкес дәлелдемелер жинақталып, құзырлы мекемеге жолданып жатыр. Бәріне қойылатын басты талап – бетперде тағу, әлеуметтік арақашықтықты ұстану. Ал бизнес субъектілерінде- «ASHYQ» қосымшасы мен санитайзер болуы шарт.
Мониторинг топта аудан әкімдігінің қызметкерлері, жергілікті тәртіп сақшылары, аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлері бар.

Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласы «қызыл» аймақта.