Шымкентте сауда орталықтары мен саябақтарға ауызсу бұрқақтары орнатылады

0
527

Бүгінде субұрқақтардың эскизі дайындалып, демеушілермен келіссөздер жүргізіліп жатыр.


Шымкентте сауда орталықтары мен саябақтарға ауызсу бұрқақтары орнатылады

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында адам көп шоғырланған 15 орынға қала тұрғындары мен қонақтары тегін су ішуі үшін ауызсу бұрқақтарын (питьевой фонтан) орнату жоспарланып отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған жоба аудан демеушілері есебінен ірі сауда орталықтары мен саябақтарға қойылмақ. Бүгінде субұрқақтардың эскизі дайындалып, демеушілермен келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Бұл жөнінде аудан әкімі Рашид Мыңбаев тұрғындармен тікелей эфирде жүздесу барысында айтты.
Сондай-ақ, аудан басшысы тағы бір жаңа бастаманың қолға алынып жатқанын жеткізді. Аудан аумағына жолаушылардың хабы саналатын 10 нүктеге соңғы үлгідегі «Smart» аялдамалар салынбақ. Онда тұрғындардың ыңғайлылығы үшін тегін Wifi, смартфон қуаттағыш көздері, кондиционер, қаланың картасы және маршрут бағыттары көрсетілген электронды тақтайша орнатылады.
Ауданның әлеуметтік жағдайын жақсартуға ниетті азаматтарды тың идеялар мен жаңа бастамаларды бірге жүзеге асыруға шақырды. Эфир соңында тұрғындардан келіп түскен сұрақтарға жауап берді.