Шымкентте сәулеттік кеңестің алғашқы отырысы өтті

0
1 182

«High Vill» және «Feb Group» құрылыс компаниялары өздерінің жобаларын таныстырды.


Шымкентте сәулеттік кеңестің алғашқы отырысы өтті

Шымкентте Е.Айтахановтың қатысуымен қалалық Сәулеттік кеңесінің бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған жиында «Shymkent City» жобасының аумағындағы, Арғынбеков көшесіндегі және Нұрсәт мөлтек ауданындағы «Nur-Sultan Plaza» көп қабатты тұрғын үй кешендерінің қасбеттері мен көп қабатты автотұрақтардың эскиздік жобалары талқыланды.

«Бүгінде Шымкент қаласы жаңа леппен, жаңа қарқынмен дамуда. Қаланың сәулеті, әсемдігі мен көркі архитекторларға тікелей байланысты. Кез келген құрылыс нысанын салғанда кеңес мүшелері бір кісідей атсалысу қажет. Себебі, біз тарихи кезеңді бастан өткерудеміз. Мегаполис деген атқа лайықты қызмет ету баршамыздың парызымыз. Сәулеттік-көркемдік шешімдерді нақтылау барысында қателіктер жібермеуіміз керек. Қаланың қасбетін көркейтуде кәсіби көзқарастарыңызды айтып отырғандарыңыз абзал», - деді жиында сөз алған Ерлан Қуанышұлы.

Сондай-ақ, кеңес отырсында әлемдік нарықта өзіндікорындары бар «High Vill» және «Feb Group» құрылыс компаниялары өздерінің жобаларын таныстырды.


Айта кетейік, қалалық Сәулеттік кеңес 23 адамнан құралған. Онда Қазақстанға еңбегі сіңген сәулетшілер, суретшілер және мүсіншілер мен тиісті басқарма басшылары, құзырлы мекемелердің жауапты мамандары енгізілген.