Шымкентте саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмыстары жүргізіліп жатыр

0
589

Оның бірі Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архивінде 2021 жылғы мамыр айына арнайы түзілген кестеге сәйкес жалғасып жатыр.


Шымкентте саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмыстары жүргізіліп жатыр

Шымкент қаласында саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның бірі Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архивінде 2021 жылғы мамыр айына арнайы түзілген кестеге сәйкес жалғасып жатыр.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша комиссиясының жұмысшы топ мүшелері тарихшы Гүлнар Жанысбекова және "Рухани жаңғыру" бөлімінің меңгерушісі Зәуре Оралбаева "Түркістан өлкесіндегі саяси қуғын-сүргіннің сипаты мен ерекшеліктері" 1920-1935 жж. аралығы тақырыбында мағлұматтарды зерделеп, материал жинақтауда.
Айта кетейік, елімізде мемлекеттік комиссияның қызметін қамтамасыз ету үшін арнайы жобалық офис құрылған, оның құрамына тарихшы- ғалымдар, зерттеушілер және мемлекеттік органдардың өкілдері кірген. Комиссия қызметінің барлық бағыттарын жан-жақты қамту үшін жергілікті жерлерде де жұмыс тобы құрылды. Әр топ өз қызметін қуғын-сүргін құрбандарының санатына сәйкес тақырыптық жоспарлар мен белгілі бір әдістемелер аясында жүзеге асыруда.
Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен (2020 жылғы 24 қарашадағы №456) Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылған болатын.