Шымкентте саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай ашық есік күні өтіп жатыр

0
1 345

Шара кешкі сағат 17.30-ға дейін жалғасады.


Шымкентте саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай ашық есік күні өтіп жатыр

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейінде 31 мамыр - Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Ұрпақтар еске алады» атауымен Ашық есік күні өтіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Таңертеңнен бастау алған іс-шараның мақсаты - ашаршылық пен тоталитарлық саясат жылдарында жазықсыз жапа шеккен тұлғалар рухына тағзым ету, қазақтың асыл азаматтарының өмірі мен қайраткерлігін таныту, сол арқылы өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу. Тәуелсіздіктің мән-мағынасын ұғындыру және оның тұғырлы болуы үшін патриоттық сезімді нығайту.
Ашық есік күнінде саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарымен кездесу ұйымдастырылып, «Тағзым», «Репрессия» залдарына экскурсия жасалады. Сонымен қатар, «Зұлмат», «Нәзірдің жарық жұлдызы», «Т.Рысқұлов», «Алаш алыптары – Ә.Бөкейханов» атты деректі фильмдер көпшілікке ұсынылады.
Шара кешкі сағат 17.30-ға дейін жалғасады, кіру – тегін.