Шымкентте саяси қуғын-сүргін құрбандарына 19 млн теңге бөлінді

0
522

Қуғын-сүргін ардагерлеріне және қайтыс болған ардагерлердің балаларына 5 АЕК, яғни 14 585 теңгеден біржолғы қаржылай көмек есеп шоттарына аударылған.


Шымкентте саяси қуғын-сүргін құрбандарына 19 млн теңге бөлінді
Шымкент қаласында саяси қуғын-сүргін құрбандарына 19 млн теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Елбасының жарлығына сәйкес 1997 жылдан бері 31 - мамыр күні Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. Ал, 2003 жылдан бастап осы санаттағы азаматтарға әлеуметтік қолдау ретінде біржолғы ақшалай төлем төленіп келген.
Биылғы жылы да осы дәстүр бойынша жергілікті мәслихаттың шешіміне сәйкес Шымкенттегі 1306 азаматқа 5 АЕК яғни, 14 585 теңгеден біржолғы қаржылай көмек берілді. Бұл үшін бюджеттен 19 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл туралы Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мәлімдеді.

1921-1954 жылдар аралығында Қазақстанда 100 мың адам сотталып, 25 мың адамға жоғары жазалау шарасы – ату жазасы қолданылды.