Шымкентте шетелдік көліктерді заңдастыруға 250 адам өтінім берді

0
874

Қазақстанда бүгінен бастап шетелдік көліктерді заңдастыру жұмыстары басталды.


Шымкентте шетелдік көліктерді заңдастыруға 250 адам өтінім берді

Шымкент қаласында шетелдік автокөліктерді заңдастыру үшін бүгіннің өзінде ХКО-ға 250 адам жүгінген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент қалалық филиалының өкілдері мәлімдеді.

Шетелдік автокөліктерді заңдастыру бойынша өтінімдерді eGov.kz порталы немесе ХКО арқылы беруге болады. ЕДБ қосымшаларында (Kaspi, HomeBank) бұл қызметті алу бойынша да жұмыстар жүргізілуде.
Өтінімді Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі қарайды. Егер сіздің жеке кабинетіңізге өтініштен бас тарту жөнінде хабарлама келген жағдайда, МХҚО-ға барудың қажеті жоқ. Бас тарту себептерін білу үшін тікелей мемлекеттік органға хабарласуыңыз керек.
"Заңдастыруға рұқсат алған автокөлікті МХҚО-ның тексеру пунктіне белгіленген уақыттан 20 минут бұрын апару қажет. Алғашқы тіркеу үшін 200 000 теңге, техпаспорт үшін мемлекеттік баж - 4 313 теңге, мемлекеттік нөмір үшін - 9 660 теңге мөлшерінде төленеді. Төлем жүргізілгеннен кейін сол күні сізге техникалық паспорт және Қазақстан Республикасының мемлекеттік нөмірлік белгілері беріледі", - дейді мамандар.
Құзырлы органдардың мәліметі бойынша, 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Шымкентте шетелдік 3 мыңға жуық автокөлік тіркелген.
Еске салсақ, бұл заңдастыруға Қазақстанға 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген шетелдік автокөліктер ғана жатады.