Шымкентте шомылу маусымына орай рейдтік жұмыстар жүргізілді

0
1 088

Сайрам өзені бойы мен Шапырашты елді мекеніне тексеру жүргізілді.


Шымкентте шомылу маусымына орай рейдтік жұмыстар жүргізілді

Шымкентте шомылу маусымына орай рейдтік жұмыстар жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы аумағында шомылу маусымына орай рейдтік жұмыстар басталып, Сайрам өзені бойы мен Шапырашты елді мекеніне тексеру жүргізілді.

Бұл жұмыстарды Қаратау ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің және аудан әкімшілігі, учаскелік полиция бөлімінің қызметшілерімен бірлесе отырып іске асырды. Яғни ауыл ішіндегі канал, арықтар мен өзен бойы бақыланды. Бұдан бөлек, арнайы жадынамалар таратылып, шомылуға тыйым салу тақтайшалары орнатылды.