​Шымкентте шомылу маусымындағы рейд жұмыстары жүргізілді

0
1 674

Шымкент қаласында шомылу маусымындағы қауіпсіздікті сақтау шараларын төтеншеліктер насихаттады.


​Шымкентте шомылу маусымындағы рейд жұмыстары жүргізілді

Шымкентте төтенше жағдай мамандары шомылу маусымында орын алатын оқиғалардың алдын алу шараларын жүргізуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласында шомылу маусымындағы қауіпсіздікті сақтау шараларын тұрғындар мен қонақтарға ескерту бойынша ТЖД Әл-Фараби ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Ерғали Нұрдаулет Қайратұлы «Шомылу кезіндегі қауіпсіздік», «Шомылу ережелері» және «Жазғы лагерлердегі қауіпсіздік» тақырыптары бойынша рейдтік жұмыстар жүргізді.

Суға кетудің басты себептері ересектердің балаларды қараусыз қалдыруы, сондай-ақ су айдындарындағы демалыс кезінде қарапайым судағы ережелерді білмеуі және оларды сақтамау болып табылады.


Құрметті азаматтар! Су айдындарындағы қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау мен білу, оларды суда қолдана білу жетіп жатыр.
Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары:
- Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз.
- Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз.
- Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар.
- Өте ұзақ шомылмаңыз.
- Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қалдырмаңыз.
- Қоршау белгілерінен, буйлардан тысқары аумаққа шықпаңыз.
- Техникалык ескерту белгілерінің, буйлардың және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар.